Ішіп алған елордалық бойжеткен ұшақ бортында темекі шегіп, жұрттың мазасы алды

371

Алматыға бағыт алған жолаушы бойжеткен жұрттың мазасын алды. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, ол ұшақ бортында темекі шеккен.

«Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне «FlyArystan» әуекомпаниясының «Астана-Алматы» бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін акт бойынша бойынша жолаушы әйел берілді. Оқиға дүйсенбі күні болған. Көлік полицейлері тексеру барысында масаң күйінде әуе кемесінің бортында темекі шеккен Астананың 28 жастағы тұрғынын анықтады» делінген ведомство мәліметінде.

Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша әйел кісі «жеңіл дәрежедегі» масаң күйде болған.

Тәртіп сақшылары құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келу) және 441-бабының 1-2-бөлігі (әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын тұтыну) екі әкімшілік хаттама толтырды.  Оған 55 айлық есептік көрсеткіш (168 465 тг) көлемінде айыппұл салынды.

Алдыңғы пост
Талдықорғанда әйелін аяусыз ұрып-соққан ер кісі сотталды
Келесі пост
Дүкеннен қымбат киім ұрлаған жігіт күзетшілерге оңбай ұсталып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu