«Қалам, су, шоколад». ҰБТ-ға тағы не алып кіруге болады?

202

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде сынақ тапсырушыларға өздерімен бірге қандай зат алып кіруге болады? Тестілеуде түлектер калькулятор қолдана ала ма? Бұл сұрақтардың жауабын Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев желі парақшасында жазды.

«Әлі күнге дейін ҰБТ тапсырушылардан «Ттестілеуге өзіммен бірге калькуляторды алып келсем бола ма?» деген сұрақтары келіп жатыр. Сондықтан бұл туралы ҰБТ алдында тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсем. Тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа ешнәрсе алып келуге болмайды» деп жазды ол.

Тестілеу компьютерінде математика, математикалық сауаттылық, физика, химия, информатика, география, биология пәндері бойынша электронды калькулятор ұсынылады. Сондай-ақ, компьютер экрандарында Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері, Бекетов қатары қолжетімді болады. Ал түлектердің қалауы бойынша Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқаларын тестілеу орталығындағылардың өздері береді.

Алдыңғы пост
Шымкентте есірткі сатумен айналысқан екі адам ұсталды
Келесі пост
Әлеуметтік маңызы бар нысандардың алдына жол кедергілері салынады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu