Жетісайлық жас жігіт колледж студентінен ақша бопсалаған

294

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы студент ақша бопсалаушының құрбаны болды. Бұл туралы полицияға оның анасы арызданды. Әйелдің айтуынша, оның кәмелет жасына толмаған ұлын, яғни колледж студентін белгісіз біреу қорқытып 5 мың теңге алған. Кейінірек тағы 35 мың теңге талап еткен. Тұрғынның арызы Қылмыстық кодекстің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркеуге алынды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні ақша алып жатқан кезінде ұстады. Ол Мақтаарал ауданының тұрғыны, жұмыссыз жас жігіт болып шықты.

«Жедел уәкілдер айғақты зат ретінде жас жігіттен ақша тәркілеп алды. Қазіргі уақытта қорқытып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында болған оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталатын болады» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Алдыңғы пост
Шымкент қаласының бас жоспарын жұртшылық талқылайды
Келесі пост
Үйіне қонақ шақырған елордалық әйел бар алтынынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu