Балаларына алимент төлемеген азаматтың бас бостандығы шектелді

59

Астрахан ауданы прокуратурасының талдау нәтижелері бойынша алимент төлемегені үшін 2 борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Борышкерлер кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден әдейі жалтарғаны анықталды. Мәселен, «Р» борышкері 2019 жылдан бастап алимент төлемеген. Берешегі 5 млн теңгеден астам соманы құрады.

Ол азамат алғаш рет, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейінде, өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтаруды жалғастырған.

Осыған байланысты, «Н» борышкеріне қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша айыптау үкімі шығарылып, сотпен 1 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді. Және жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша міндеттерін 3 айдан астам орындамағаны үшін ҚК 139-бабы бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза көзделген.

Алиментті уақтылы және толық төлеу – бұл әр ата-ананың парызы. Бұл міндеттің іске асырылуын прокуратура органдары ерекше бақылауда ұстайды.

Алдыңғы пост
Елімізде “Алтын белгі” иегерлерінің саны артты
Келесі пост
Кәсіби мерекенің саны артты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu