Батыс Қазақстанда жол апатынан екі адам көз жұмды

365

Батыс Қазақстан облысында бір күнде екі жол апаты орын алып, екі адам мерт болды. Атап айтқанда, 4 желтоқсан күні түнгі уақытта «Тасқала-Атамекен» тасжолының 36-шақырымында «ВАЗ-21074» маркалы автокөлігін тізгіндеген ер кісі рөлге ие бола алмай аударылып қалған. Апат салдарынан 35 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Дәл сол күні таңғы сағат 07.30 уақыт шамасында «Кирсаново-Уральск» тасжолында  «Лада-2107» автокөлігін тізгіндеп келе жатқан  24 жастағы жүргузіші жол жүру ережелерін қамтамасыз етпей 59 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ГАЗ-53» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Лада-2107» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік салонындағы 1998 жылғы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер аталған фактілерге сәйкес Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі  (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Алдыңғы пост
Шымкентте бір отбасы мүшелері есірткі сатумен айналысқан
Келесі пост
Белгілі тележүргізуші Федерико Арналди Қазақстанның үшінші мегаполисіне палау мен атақты Шымкент кебабының дәмін көру үшін келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu