Маңғыстауда тұрғын үйді заңсыз ойын бизнесіне айналдырғандар ұсталды

349
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағылар 15 шағынаудандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды анықтады. Ойынханадан покер ойыншысы мен екі дилер ұсталды.
Тінту жүргізу кезінде 1 ойын үстелі, покер ойнауға арналған 154 дана ойын фишкасы, покер ойындарына арналған 16 қорап ойын картасы және “марихуана” есірткі затын пайдалануға арналған 2 қолдан жасалған баклажка тәркіленді. Одан бөлек, “покершіден” 374 500 теңге, 200 доллар және 50 еуро көлемінде ақшалай қаражат және құрамында “марихуана” есірткі заты бар 1 байлам тәркіленді.
Ведомство мәліметінше, аталған үйде даяшы қызметін көрсететін жұмысшы мен өзге де покер ойынын ойнауға келген келушілер де болған. Бұл жайт Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Алдыңғы пост
Түркістан облысында 2 ер азамат барымташылықты кәсіп етіп келген
Келесі пост
Ақтөбеде мас жүргізуші қоршауға соғылып, жолаушы мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu