Ақтөбеде мас жүргізуші қоршауға соғылып, жолаушы мерт болды

342
Ақтөбеде Audi A-8 автокөлігін ішімдік ішіп алып тізгіндеген  жүргізуші кісі өлімімен аяқталған жол апатын жасады. Оқиға сағат 3:20-да болған. Жүргізуші жолдың  қарсы жолағына шығып кетіп, қоршауға соғылып  аударылған.
Polisia.kz жазуынша, жол апаты салдарынан жеңіл көлік ішіндегі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны расталған. Ол Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Алдыңғы пост
Маңғыстауда тұрғын үйді заңсыз ойын бизнесіне айналдырғандар ұсталды
Келесі пост
Шымкент: үш кешенді кәсіпорын жекешелендірудің кешенді жоспарынан шығарылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu