414
Ақтөбеде Audi A-8 автокөлігін ішімдік ішіп алып тізгіндеген жүргізуші кісі өлімімен аяқталған жол апатын жасады. Оқиға сағат 3:20-да болған. Жүргізуші жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, қоршауға соғылып аударылған.
Polisia.kz жазуынша, жол апаты салдарынан жеңіл көлік ішіндегі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны расталған. Ол Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.