Шымкентте қоғамдық автобус жүргізушісі мен кондукторды ұрып кетті

412

Шымкентте қоғамдық автобус жүргізушісі тапа-тал түсте соққыға жығылды. Ер кісіге араша болмақ болған автобус кондукторы да соққының астында қалды. Оқиға 16 қараша күні күндіз болған.

№60 бағыттағы қалалық қоғамдық көлікті тізгіндеп келе жатқан жүргізуші еш алаңсыз аялдамаға келіп тоқтаған. Осы сәтте жанына келіп тоқтаған Toyota Camry-70 көлігінің жүргізушісі мен оның қасындағы жолаушы әйел тап берген. Жәбірленуші ер кісінің әйелінің айтуынша, жеңіл көліктегілер «қымбат көлік екенін көрмей тұрсың ба?» деп жол бермедің деген сылтаумен ұрып-соғыпты.

Бұл туралы белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook парақшасында жазды.

Жолаушылар тасымалдау мекемесі қызметкерлерінің соққыға жығылған сәті автобус ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұдан өзге аялдама маңындағы дүкеннің бейнебақылау камерасынан да оқиғаның қалай басталғанын анық көруге болады.

Соққы салдарынан автобус жүргізушісі мен кондуктор жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілген. Қоғамдық көлік тізгіндеген ер кісінің басы мен мұрны жеңіл жарақат алып, үйінде 5 күн ем алуына тура келіпті. Ал 16 жастағы кондуктор бір апта ауруханада жатқан. Оның бас миы шайқалған екен. Бұл туралы автобус жүргізушісінің әйелі Дильбар Әділбаева айтып берді.

Келіншектің сөзінше, жәбірленуші тарап полицияға сол күні арыз жазған. Бірақ тергеушіден мардымды хабар ала алмай жүрген көрінеді.

«Күйеуім оларға алғашында кешірім беремін деп отырған. Бірақ олар полиция ғимаратында кешірім сұрамақ түгілі, «қолдарыңнан не келеді?» деп намысқа тиетін сөздерді қарша боратты. Сонда қарапайым халықты қалталылар осылай ұрып-соғып кете бере ме? Неге іс дұрыс қаралмай жатыр? Күйеуім мен кондукторды соққыға жыққандар заң аясында тиісті жазасын алуын талап етемін»,-деді келіншек.

Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабымен “бұзақылық” қылмыстық іс тіркелгенін айтты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шығыс Қазақстанда жүк пойызы 8 жылқыны қағып кетті
Келесі пост
Орал тұрғыны 17 жасар қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu