Түркістанда қолына автомат алып, көлікке отырған жүргізушінің кім екені анықталды

Теги: , ,
192

Әлеуметтік желілерде жүк салғыштан автомат алып шығып, рөлге отырған жас жігіттің видеосы пайда болды.

Бейнежазбаға қатысты желі қолданушылары түрлі пікірлерін қалдырды.

«Түркістан облысының өзіндік ерекше атмосферасы бар. Қарулы және қауіпті жігіт облыстық Полиция департаментінің бастығына үлкен сәлем жолдайды» деп жазды бейнежазбаны жариялаған Telegram-арналардың бірі.

Бұл видеоға қатысты полиция пікір білдірді. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз ер адамның қолына қару тәрізді зат ұстап тұрған видеоны анықтаған. Жас жігіттің қолындағы суық қару емес, ойын автоматы болып шыққан. Ол бұл әрекеті үшін жұртшылықтан кешірім сұраған.

«Түркістан облысының полицейлері бірден назарға алып, жедел шараларды қабылдады. Нәтижесінде бейнежазбадағы жас жігіт Сайрам ауданының 22 жастағы  тұрғыны болып шықты. Ал оның қолындағы пейнтбол ойнауға арналған автомат екені анықталды. Жас жігітпен тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізді» деп мәлім етті полициядан.

Алдыңғы пост
Шымкенттік қария жерлеу рәсіміне жинаған бар ақшасын алаяқтарға беріп қойған
Келесі пост
Үкімет басшысы Шымкент қаласының жаңа әкіміне бірқатар міндет қойды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu