Шымкентте сарбаздарға құрмет көрсетілді

Теги: , , ,
341

2022 жылдың 05 желтоқсанында Шымкент қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде өздерінің мерзімдік қызметін аяқтаған сарбаздарға арналған құрметтеу кеші өтті.

Осыдан 1 жыл бұрын әскери өмірге қадам басқан жауынгерлер көзді ашып-жұмғанша әскери мерзімдік қызметтерін аяқтады. Кезінде әскери бөлімнің есігін жасқана басып кірген жастар қазір өздеріне нық сенімді, көздерінен жалын шашқан, әскери қызметтің қыр-сырын меңгерген, білімді де білікті жауынгер атанды. Енді олар ел басына күн туғанда қолдарына қаймықпай қару алып, Отан үшін саптың алдына шығатын, ар мен намысты ту еткен жігерлі сарбаз болатыны сөзсіз.

Олар 1 жылда Шымкент қаласының қоғамдық тәртібін, азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғау жолында сонымен қатар қаламызда өткен ауқымды мәдени-спорттық әртүрлі шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындады.

Әскердің тірегі – сарбаз. Олардың әскери бөлімнің қызметтік жауынгерлік іс-әрекетін үнемі жоғары дәрежеде көрсетуге де септігін тікелей тигізетіні анық.

Биылғы жылы 6506 әскери бөлімі әр төрт жылда бір рет жеке құрамның қызметтік – жауынгерлік іс-әрекет дайындығы тексерілетін сынақта жауынгерлеріміз жоғары нәтиже көрсеткен болатын. Сондай-ақ еліміздегі саяси науқан кезектен тыс Президент сайлауында да жарқын болшағымызға кепіл болар жастар ретінде өз таңдауларын жасады.

Әскери бөлімнің басшылығы қарапайым ғана қатардағы сарбаздарымыздың  бір жылғы жемісті де жеңісті еңбектерін ерекше бағалап, құрметтеуге арналған шарада жауынгерлерімізді барынша марапаттап, игі тілектерін жаудырды.

Бөлім командирінің орынбасары полковник Амир Мансұров жауынгерлерімізді құттықтау сөзінде ерекше толғаныспен: «Әрқайсыңның әскери бөлімнің жеке құрамының жауынгерлік тапсырмаларды жоғары деңгейде атқаруына қосқан үлестерің салмақты. Енді сіздер кешегі еркін жүріп, ерке өскен бозбала емессіздер, бүгін әскери қызметтің қиын да, қастерлі міндетін абыроймен атқарған қайсар да, қайратты жауынгерсіздер! Сіздер Отанға, отбастарыңызға берген анттарыңызға адал болып, қасиетті борыштарыңызды қырағы орындадыңыздар! Ел аманатын арқалаған азамат ретінде жүктелген жауапкершілікті терең сезініп, абыроймен атқарған қызметтеріңізге үлкен алғыс білдіремін. Алдағы өмір жолдарыңда біздің ортадан алған тәлім-тәрбиені айқын мақсаттарыңмен ұштастырып, мемлекетіміздің кемел келешегі үшін биік белестерді бағындырасыздар деп сенемін. Болашақтарың жарқын, қадамдарың сәттілікке толы болсын, қайда жүрсеңдер де аман болыңдар!», – деп алғысы мен ақ тілегін қатар жеткізді.

Салтанатты шарада жауынгерлерімізге Ұлттық ұлан бас қолбасшысының, өңірлік қолбасшылық қолбасшысының және бөлім командирінің мадақтама қағаздары мен төсбелгілері табысталды. Сонымен қатар қала тыныштығын қорғаған жауынгерлерімізді Шымкент қалалық ішкі істер Департаментінің өкілдері де мекеме басшысының атынан құттықтап арнайы грамоталармен марапаттады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының атынан марапат алған жедел мақсаттағы батальонда өзінің әскери қызметін атқарған сарбаз қатардағы Әбзелбек Әріпбек: «Мен үшін бүгін қуанышты  күн, Отаныма, отбасыма оралатын күн алыс емес, алайда бір жыл бірге жүріп, бауырымдай болып кеткен қарулас достарыма, ағамдай болған командирлеріме, туған үйімдей болған әскери бөліміме деген қимастық та жоқ емес. Әскери қызмет мен үшін үлкен өмір мектебі болды, Отанға деген сүйіспеншілік, нағыз патриотизм, адалдық, батылдық, шыншылдық сияқты адами асыл қасиеттердің мағынасын тереңнен түсіндім, алға мақсат қойдым. Менің әскери ортада өз орнымды тауып шыңдалуыма себеп болған Ұлттық ұланға ондағы барлық командирлерге мың алғыс!»,- дейді.

Салтанатты шара жауынгерлеріміздің құрметіне арналған көңілді концертке ұласты.

Өз кезегінде Отан алдындағы қасиетті де қастерлі борыштарын қырағы атқарған қарулас достарымызға бізде сәттілік тілейміз!

 

 

 

Алдыңғы пост
Шымкенттің жас мамандарына жұмыс өтілі мен ұсынымынсыз жұмысқа орналасуға көмектеседі
Келесі пост
Шымкентте халықтың қай тобы тегін емделетін болады?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu