«Бомба» туралы жалған хабарлама берген баланың ата-анасы 15 млн айыппұл төлеуі мүмкін

448

Алматы облысы Талғар қаласындағы колледж ғимаратында жарылғыш зат бар деп жалған терроризм актісі туралы хабарлаған жасөспірімнің ата-анасы 15 миллионнан астам айыппұл төлеуі мүмкін.

Еске салсақ, 30 қарашасында полицияның кезекші бөліміне колледждердің бірінде терроризм актісі орын алатыны жайында ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылып, барлық ғимарат тексерілді. Ақпарат расталмады. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 273-бабы “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама” бойынша тіркелген болатын.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол аталған білім ордасында оқитын кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта тергеушілер жасөспірімнің заңды өкілдері және психологтардың қатысуымен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Айта кетейік, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағандарға бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (3062Х5000= 15 млн 315 мың теңге) салынады. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары түріндегі, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алдыңғы пост
Қызылордада канал суына қатып өлген ер кісінің мәйіті табылды
Келесі пост
Шымкент – Қазақстандағы туристер көп келетін үшінші қала

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu