Жамбылда полицейлерге шабуыл жасағандар сотталды

475
Жамбыл облысы Шу ауданында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға сот үкімі оқылды. Оқиға 7 мамырда түнгі сағат 01.30 шамасында вокзал маңындағы болған. Полиция қызметкерлері мемлекеттік белгісі жоқ ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды көрсетуді талап еткенде жүргізуші мен көлікте болған жолаушы тәртіп сақшыларының талаптарын орындаудан бас тартқан. Олар полицияға белсенді түрде қарсылық көрсетіп, шабуыл жасай бастаған. Сонымен қатар жақын маңдағы кафе мен алаңнан бір топ адам жиналып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған. Содан полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салып, қаруларын тартып алмақшы болған.
Облыстық Полиция департаментінің дерегінше, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Іс материалдары сотқа жолданған болатын.
Шу аудандық сотының үкімімен 8 тұрғын сотталды. Оларға 3 жылдан бастап 8 жыл 2 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Алдыңғы пост
Шымкентте қымбат көлік мінгендер тапаншадан оқ атып, жол ережесін өрескел бұзды 
Келесі пост
Қызылордада жүкті әйел киім дүкенінен қымбат тонды үптеп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu