Жас жігіт базардағы сейфтен 19 млн теңгені оп-оңай ұрлап кеткен

Теги: , , ,
242

Ұрлық қылмысы Тараз қаласындағы базарлардың бірінде орналасқан компания ғимаратында болған. 

Полицияға компания қызметкері шағымданған. Оның айтуынша, белгісіз адам кілттерді таңдау арқылы қалалық базарлардың бірінде орналасқан компанияның ғимаратына заңсыз кіріп, сейфтен 19 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қарағанды облысының Балқаш қаласында қылмыс жасады деген күдікпен Меркі ауданының 21 жастағы тұрғыны ұсталды. Ақшалай қаражат түріндегі заттай дәлелдемелер тәркіленді.

“Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде” деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД.

Алдыңғы пост
Шымкентте «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 136 сәби дүниеге келді
Келесі пост
Шымкентте ер кісі 6 жасар өгей қызын зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu