434
Қызылордада сауда үйіндегі киім бутигіне келген жүкті әйел құндыз тонын ұрлап кеткен. Оқиға 5 желтоқсан күні күндізгі уақытта болған. Бұл туралы полицияға жәбірленуші хабарлап айтқан. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Polisia.kz, жазуынша әйел азаматы бұрын сотты болған. Ұрланған тон дүкен иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайтын болады.