243

Шымкент қаласының цифрлық «Ашық картасы» әзірленді. Картада қала бойынша жер сауда-саттығы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары, қаланың бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспары, қызыл сызықтар, шекаралар, құқық бұзушылық картасы, бос жер учаскелері бойынша өзекті ақпараттар орналастырылған.

Сонымен қатар, ақпараттық жүйе бойынша 16 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы саласында – 8,  жер қатынастары саласында – 8 мемлекеттік қызмет.       

Шымкент қаласының геоақпараттық жүйесіне https://geo-shym.kz сілтемесі арқылы өтуге болады.

Еске сала кетсек, «Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында биыл жыл басында қалада геопортал жүйесі іске қосылатындығы хабарланған болатын. Ашықтықты қамтамасыз ететін бұл жүйе арқылы жер қатынастары, “Бір терезе” принципі арқылы жұмыс істейтін ақпараттық жүйе қағазбастылықты азайтып, сыбайлас жемқорлықты алдын алу үшін дайындалған. Атқарылған жұмыс барысымен, алдағы жоспарлармен Мұрат Дүйсенбекұлы сала басшысына құзырлы мекемелермен бірлесе отырып, қала аумағында мемлекет иелігіндегі жерді өзбетінше иелеленуге жол бермеу мақсатында нақты тамсырмалар жүктеген еді. Жалпы, былтырғы жылы қалада 391 жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылған.

Естеріңізге сала кетсек,  «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы бастауымен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес Шымкент қаласы бойынша сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде атқару, және өңір бойынша картографиялық ақпараттарды цифрландыру мақсатында өңірлік геоақпараттық жүйесі (ӨГАЖ) әзірленген болатын.

Айта кету керек, бұл жүйенің нәтижесінде, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта атқару нәтижесінде қағазбастылықты, сыбайлас жемқорлықтың болу ықтималдығын азайту және де қаланың табиғи монополиялар субъектілері мен жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы құжат алмасу жұмыстарын жеңілдету көзделіп отыр.

Ал, жалры алғанда жаңа бас жоспарға сәйкес, Шымкент 2035 жылға дейін бәсекеге қабілетті, экономикасы мен инженерлік, көлік-логистикалық инфрақұрылымы тиісті дәрежеде дамыған агломерация орталығына және республикадағы ірі тарихи-мәдени әрі өндірістік орталықтың біріне айналады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed