360
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ұлын жұмысқа тұрғызбақ болған тұрғын алаяқтың құрбаны болды. Оның айтуынша, танысы сеніміне кіріп, ол қызметі үшін 800 мың теңгесін алған. Бірақ ұлын уәде етілген жұмысқа тұрғыза алмаған.
«Жәбірленушінің арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркелді. Күдікті ретінде жұмыссыз, жергілікті тұрғын анықталды. Белгілі болғандай, ұсталған әйел алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтау үстінде.