Шымкент: Аутизмге шалдыққан балаларды емдеуде оң нәтижелер бар

315

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты психикалық денсаулық орталығындағы оңалту бөлімшесі осыдан екі жыл бұрын ашылған. Осыған дейін мұнда аутизмге шалдыққан  359 бала оңалту шарасынан өтті.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков емдеу орталығына арнайы барып, емдеу жұмыстарымен танысты. Орталықта ем алған балаларда оң нәтижелер байқалады. Түзету-дамыту бағытындағы кешенді шаралардың нәтижесінде олардың  сөйлеу қабілеті жақсарып, моторлы еліктеулерді түрткі арқылы орындау, дұрыс отыру және көпшілік ортада еркін сезіну сынды жақсы көрсеткіштер байқалған.

Айта кетейік, оңалту бөлімшесінде аутизммен есепте тұратын балаларға  амбулаториялық деңгейде медициналық көмектер көрсетіледі. Бөлімшеде медициналық-диагностикалық қарап-тексеру, түзету жұмыстары, сенсорлық интеграция, психофизикалық жағдайды тұрақтандыруға арналған дене тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізіледі. Алдағы уақытта бөлімшенің жұмысын кеңейтіп, аутизмге шалдыққан балаларға қолжетімді медициналық қызметтерді замана талабына сай жандандыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы ерекше балаларға арналған жобаны қолға алды. Жоба аясында  700-ге жуық баланың тісіне түрлі ем шаралар жасалды. Соңғы үлгіде жабдықталған мамандандырылған стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар, ауыз қуысына диагностикалық тексерулер жүргізіліп, емдеу шаралары тағайындалды.

Дәрігерлер церебральды сал ауруы, аутизм сырқаттарға шалдыққан  балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді. Стоматалогиялық кабинет дәрігерлері пациенттерді жергілікті емханалардың жолдамасы арқылы қабылдайды.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығының ғимараты қалалық балалар клиникалық ауруханасының қарамағына берілген болатын. 200 орындық ғимарат пациенттердің  ем алуына өте қолайлы,  барлық жағдайлары жасалған, талапқа сай заманауи вентиляция жүйесімен қамтамасыз етілген. Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов «Асар» шағын ауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасында болып, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Балалар ауруханасы жаңа туылған сәбиден бастап 18-жасқа дейінгі балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек түрлерін көрсететін жалғыз көпсалалы аурухана. Аурухана базасында  қажеттілік туындауына байланысты  2020 жылдан бастап жаңа профильдер яғни нейрохирургия, онкогематология, нефрология, урология, оториноларингология, эндокринология гастроэнтерология, бет-жақ хирургиясы, интервенция кардиологиясы, неонатальды хирургиясы ашылып қаланың барлық педиатриялық қызметі осында орталықтандырылды. Осыған байланысты жаңа ғимаратты қосқанда төсек орны 495-ке ұлғайды.

Алдыңғы пост
Шымкентте ерекше акция өтті
Келесі пост
Кәріз жүйесі қуаттылығын арттыратын арнайы жоба жүзеге асады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu