Үкіметте Шымкент жанармай құю бекеттерінен дизель отыны қайда кеткені анықталды

387

Еліміздің барлық өңірлерін дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесімен ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша бірінші вице-премьер Роман Скляр бастаған арнайы құрылған Комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына жауапты мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері кірді.

Комиссия ел үшін маңызды жанармайдың жетіспеушілігіне әсер еткен факторларды анықтады. Мәселен, негізгі себептердің бірі отын тұтынудың, ең алдымен транзиттік шетелдік көліктің айтарлықтай өсуі болып табылады. Екінші себеп-бағаның айтарлықтай айырмашылығына байланысты дизель отынының Қазақстаннан тыс жерлерге көрші елдерге ағылуы.

Мысалы, Қазақстандағы дизельдің құны литріне 230-260 теңгені құрайды, ал Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей жанармай құю бекеттерінде баға 440 теңгеге дейін жетеді.

Отандық мұнай базалары дизель отынын бөлшек сауда құнынан жоғары бағамен сатқан фактілер тіркелді, бұл өңірлерде отын өткізу көлемінің қысқаруына әкелді, өйткені оны сатып алу жанармай құю станциялары үшін тиімсіз болды.

Бұдан басқа, “ҚазМұнайГаз”, Petrosun компаниялары, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттары тарапынан өндірістегі, маркетингтегі және логистикадағы жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Жағдайды қалыпқа келтіру және ЖЖМ ішкі нарығын толық қамтамасыз ету үшін бірқатар жедел және ұзақ мерзімді шаралар қабылданды:

– ТД өндіру көлемі биыл 5,2 млн тоннаға дейін ұлғайды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 340 мың тоннаға артық;

– мұнай өңдеу зауыттарынан ТТ жөнелту көлемі ұлғайды;

“Самұрық-Қазына” қоры мен “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ дизель отынының қосымша көлемін жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді;

Шымкент МӨЗ өндірістік қуаттарын кеңейту жоспарланған;

2023 жылдан бастап МӨЗ жұмысының жаңа схемасына кезең-кезеңімен көшу жоспарлануда, оның шеңберінде зауыттарға мұнайды тікелей жер қойнауын пайдаланушылар не МӨЗ-ді тікелей сатып алу жолымен жеткізетін болады.

Бұдан басқа, Энергетика министрлігінде және ЖМҚС-тың ірі желілерінде колл-орталықтар ашылды, онда қазақстандықтар бағаны негізсіз көтеру және ЖЖМ сатудан бас тарту фактілері туралы хабарлай алады.

Уақытылы шаралар қолданбағаны үшін “Қазмұнайгаз” ҰК АҚ Басқарма төрағасы М.Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі А. Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, тәртіптік жаза қолданылды және Энергетика министрлігі мен ҚМГ-ның бірқатар жауапты қызметкерлерімен еңбек қатынастары бұзылды.

Бұл мәселе Үкіметтің ерекше бақылауында, жағдайды тұрақтандыру қыркүйек айының басында күтілуде.

Алдыңғы пост
Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысы ұсталды
Келесі пост
Қызы өз әкесінің 600 мың теңгесін ұрлап алған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu