Шымкентте оқушылар сарайы пайдалануға берілді

326

Шымкентте жұртшылық көптен күткен оқушылар сарайы бүгін қала күніне  орай пайдалануға берілді. Мегаполистің кескін-келбетін айшықтайтын, балалар шығармашылығын дамытуға жол ашатын 500 орындық сәулетті ғимарат “Нұрсәт” шағынауданында орналасқан.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін жаңа алаңды аралап көрді.

“2025-2026 жылдарға дейін қаламызда тағы 3 өнер мектебін салуды жоспарлап отырмыз. Тұран шағынауданында қазір бір мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осылайша, алдағы уақытта әр ауданда Оқушылар сарайы іске қосылады. Мұндай орталықтар жас буынның шығармашылығын шыңдап, жан-жақты дамуына жол ашады” – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушылар сарайы  балалардың қабілетін шыңдап, талант көзін ашып, ой-өрісін дамытатын болады. Бұл жоба оқушыларды сабақтан тыс уақытта әртүрлі үйірмелерге қатыстыруды, баланың спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамытуды көздейді.

4 ауысымда жұмыс істейтін ғимаратта бассейн, күрес, жекпе-жек, үстел теннисі ойындарының залдары орналасқан. Сондай-ақ, көркем-эстетикалық блокта бейнелеу өнері, драма, сәндік-қолданбалы өнер, қыш жасау үйірмелері жұмыс істейді. Ал ғылыми-техникалық секторда 3D модельдеу, Lego кабинеті, интерактивті кітапхана, биотехнология, гуманитарлық блокта фото және бейне студия, журналистика, моториканы дамыту үйірмелері ашылады. Музыкалық білім бөлімінде дыбыс жазу студиясы, музыкалық аспаптар, вокал студиясы бар. Сондай-ақ балалар мұнда футболға баскетбол мен волейболға қатысып, воркаут алаңында дене шынықтыра алады.

Сән-салтанаты келіскен әсем ғимаратта оқушылардың мектептен тыс уақытын тиімді үйлестіре отырып, қарым-қабылетін дамытуға барлық жағдай жасалған.

Мекеме тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істейтіндіктен жоба бойынша күніне 7-18 жас аралығындағы 2000 бала қабылдануға мүмкіндік бар.

Үш қабатты ғимарат 3 ірі блоктан тұрады. 900 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар ғимарат маңында 81 орындық көлік тұрағы да қарастырылған.

Айта кетсек, «BI-Global» ЖШС-і салып жатқан нысан құрылысы 2021 жылдың аяғында басталды.

Алдыңғы пост
Шымкентте қашықтыққа жүгіру жаттығуынан кейін әскери қызметші қайтыс болды
Келесі пост
Шымкент мәдениет қайраткерлері Абай облысындағы оқиғаларға әсерлі клип арнады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu