Батыс Қазақстан облысында ішімдік ішкен жүргізушісі жол апатына себепкер болды. Оқиға түнгі сағат 01.45-те Орал қаласының Деркөл кентінде болған.
Полицейлердің мәліметінше, ВАЗ-2114 көлігін басқарған 29 жастағы жүргізуші 52 жастағы ер кісі тізгіндеген Hyundai Santa Fe автокөлігімен соқтығысқан. Сараптама қорытындысы бойынша ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі “орташа дәрежелі” алкогольдік мас күйінде болған. Сонымен қатар ол 2020 жылы сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Оның көлігі айыптұрағына қойылды.
Жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 2-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) қылмыстық іс қозғалдыі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.