Шымкент – Қазақстандағы туристер көп келетін үшінші қала

Теги: ,
939

Шымкент қаласына келуші туристердің саны жыл санап артып келеді. Оған 2018-2019 жылдардың ресми статистикалық мәліметтері дәлел бола алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәлімете сәйкес, 2019 жылы келушілердің саны 249 313 адамды құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 140,1%-ға өскен. Ал енді 2022 жылдың 9 айлық дерегіне көз жүгкртсек, Шымкентке 335 242 адам келген екен.
Республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 3 орында.

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Шымкент қаласының туристік орындары және қала маңындағы туристік орындарға жалпы саны 78 экскурсия ұйымдастырылыпты. Экскурсияға жалпы саны 3, 357 адам қатысыпты. 2022 жыл Балалар жылы болып бекітілуіне байланысты, экскурсиялардың басым бөлігі балалар мен жасөспірімдерге арналып ұйымдастырылған.

Бұл ретте, туристік орындардың инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесе Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағын абаттандырудың эскиздік жобасы әзірленген.

Оған сәйкес, кесенелердің аумағында туристерге қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда кіре беріс, көлік тұрағы мен дәрет алу орындарын ретке келтіру, жан-жағын көгалдандыру, бастырмасы бар орындықтар қою қарастырылған.

Сондай-ақ, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесе Қазақстан бойынша «Neo Nomad» гранд-турлары әзірленді. Аталған гранд-турға Шымкент қаласынан «Шым қала» тарихи-мәдени кешені енгізілді. Кешен аумағында республика бойынша бір дизайндағы арнайы фоторамка орналастырылды. Бүгінде фоторамканың дизайны «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен келісіліп орнатылған екен.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласының «Сайрам тұрғын алабында» туристік ақпараттық қолжетімділікті арттыру мақсатында 4 тарихи-мәдени және республикалық маңызы бар сакралды нысандарда стенд-карталар орналастырылды. Стенд карталар арқылы жерлікті тұрғындар мен шет елдік туристер Сайрам тұрғын алабында орналасқан барлық туристік нысандармен таныса алады және туристік картаны QR-код арқылы өзінің ұялы сымтетігіне жүктеу мүмкіндігіне ие болуда.

Туристік өнімді ілгерілетудегі басты құралдардың бірі – маркетингтік ілгерілету және оқиғалы іс-шаралар. Осы мақсатта жыл басынан бері қалалық әкәмдіктің Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы тарапынан бірқатар оқиғалы және іскерлік шаралар ұйымдастырылды.

Қалаға шет елдік туристердің ең көп келетін мерзімі – Наурыз мерекесі қарсаңы. Осыған орай, шет мемлекеттерде «Наурыз – Шымкенттен басталады» ұғымын қалыптастырып, «Ұлыстың Ұлы күні – Наурызды» Шымкент қаласында мерекелеуді дәстүрге айналдыру бағытында жұмыс жүргізілуде.

Осы ретте, «Наурыз» және «Қала күні» мерекелеріне орай Шымкенттің гастрономиялық туризм орталығы ретінде имиджін қалыптастыру мақсатында «ДәмДәсTour» және «Balmuzdaq Fest» фестивальдері өтті. Аталған шараларға барлығы 60-қа жуық қоғамдық тамақтану орны қатысып, 30 000-нан аса қала тұрғыны мен қонақтары қамтылды.

Аталған іс-шаралардың қарсаңында «Бақытты қалаға саяхат» байқауы ұйымдастырылып, «Наурыз» мерекесіне Ақтау қаласының тұрғыны, ал қала күніне Катар елінің азаматы Шымкент қаласына жолдама ұтып алды. Жеңімпаздар жоғарыда аталған гастрономиялық іс-шараларға қатысып, жағымды әсер алып қайтыпты.

Сонымен қатар, маусым айында «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының бастамасымен және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ қолдауымен түркітілдес мемлекеттердің туристік орталықтарының тұңғыш Халықаралық слеті өтті. Аталған шараға Өзбекстан Республикасының Туризм министрлігі мен өңірлік туризм департаменттері, Қазақстанның 7 өңірінің туристік орталықтарының басшылары мен онлайн режимде Қырғызстан, Әзірбайжан және Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысты.

Слеттің негізгі мақсаты – халықаралық және өңірлердегі туристік-ақпараттық орталықтардың ынтымақтастығын арттыра отырып, ортақ тұжырымдама құру болып табылады. Шара нәтижесі бойынша түркітілдес елдердің туристік орталықтарын біріктіру және Шымкент қаласын орталықтардың штаб-кеңсесі ретінде бекіту туралы шешім қабылданды.

Жалпы жыл басынан бері «Мобильді арбат» іс-шарасы 2 рет, Қазақстанның өзге өңірлерінің қатысуымен «Мото маусымының ашылуы», «National Geographic» компаниясымен бірлесе «Explore Zhana Qazaqstan: Ontustik» экспедициясы ұйымдастырылды.

Оған қоса, Шымкенттің туристік мүмкіндіктерін өзге өңірлерде және шет елдерде жарнамалау мақсатында жыл басынан бері қала делегациясы бірқатар көрмелер мен іс-шараларға қатысты.

Атап айтқанда, өңірдің бизнес-қауымдастығы мен басқарма қызметкерлері сәуір айында Алматы қаласында өткен еліміздегі ең ірі «KITF» туристік көрмесіне қатысты. Көрмеге 18 елден 211 компания қатысып, нәтижесінде ынтымақтастық туралы 5 меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, көрменің 20 жылдығына орай Шымкент қаласы «Best of the best», яғни «Үздіктердің үздігі» номинациясын иеленді.

Ал маусым айында қала кәсіпкерлері мен Туризм басқармасы бірлесе Доха (Катар) қаласында өткен «Qatar hospitality» және Астанада өткен «Qazaqstan Life fest» халықаралық көрмелеріне қатысты. «Qatar hospitality» көрмесіне 30-дан астам мемлекеттен 200-ге жуық компания қатысты. Шымкент қаласының стендін 3 күнде 10 000-ға жуық адам қарады. Сондай-ақ, көрме аясында өңірдің туристік мүмкіндіктерін таныстыру бойынша роуд-шоу ұйымдастырылып, оған Катардың 75 кәсіпкері қатысты.

Аталған көрмелер өңір және бизнес үшін өзін жарнамалап, тәжірибе алмасуға, пайдалы байланыстар орнатуға таптырмас алаң болып табылатыны айтпаса да түсінікті.

Қазіргі таңдағы басты бағыттардың бірі – сыртқы байланыстарды нығайту. Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығын насихаттау, туристік әлеуетін таныстыру мақсатында сыртқы байланыстарды дамыту бойынша шетелдік дипломатия өкілдерімен және компаниялармен қала басшылығының 27 кездесуі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігімен бірлесе Шымкент қаласында Араб Әмірліктерінің Бас консулдығын ашу мәселесі пысықталуда. Құзырлы мекемелерден тиісті келісімдер алынған жағдайда жыл соңына дейін ашу жоспарда бар.

Алдыңғы пост
Көлік ұрлап кеткен ер кісі полицейлерден қашып, қоқыс жәшігіне жасырынып қалған
Келесі пост
Оралда асылып өлмек болған ер кісі аман қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu