Ұлттық ұлан қатары жас сарбаздармен толықты

257

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Орал қаласындағы 5517-әскери бөліміне жас сарбаздардың алғашқы легі келді.

Қазіргі таңда елімізде әскери борышын өтеп келген жастарға  әлеуметтік жеңілдік көрсетілетінін және қолына қару ұстап, тәртіптің қыр-сырына көн­діккен жастарға жұмыс беру­ші­лердің қатары көп екенін білеміз. Оның үстіне Қорғаныс ми­нис­трі, отан алдындағы борышын өтеп келген сарбаздарға  жоғары оқу орындарына түсуге  жеңілдіктер қарастырылып және бұған қатысты тиісті бағдарламалар да дайындалғанын айтқан болатын.  Бүгінгі күні осындай әлеуметтік көмекті естіген еліміздің жастары әскерге құлшынып өз еркімен келу үстінде.

Бүгінде Орал қаласында орналасқан 5517-әскери бөлімі әскер қатарына өздерінің ерік-жігерімен келіп жатқан жас сарбаздар мен  толығуда.

Әскер қатарына жаңадан келген сарбаздарды, әскердің алғашқы күндері әскери өмірге бейімделуге үйретеді. Ол үшін әскери психолог  мамандары әскерге келген әр сарбазбен жеке әңгімелесулер жүргізіп жан-жақты зерделеп, психологиялық тестілеу жұмыстарын жүргізіп,  әрі қарай әскери өмірдің қыр-сырын үйрету мақсатында взвод командирлеріне табыстайды. Сарбазды зерделеу кезінде басты назар білім деңгейіне, мамандығының бар болуына, іскерлік және сипаттамалық қасиетеріне аударылады.

Жоспарға сәйкес жаңадан келген сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтіп, әскери өмірдің қыр-сырын үйренеді. Жас сарбаздарды әскери қызметке таңдаулы және кәсіби дайындығы жоғары офицерлер мен сержанттар дайындайды.

Ағымдағы бір ай ішінде болашақ Ұландықтар мемлекеттік-құқықтық, саптық дайындық, жалпы әскери жарғы, күн тәртібін жаттап білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар жауынгерлік қызметке түсу дағдыларын, ату дайындық тәсілдерін, әскери техникалар мен атыс қаруларын меңгереді.

    Әскери бөлімде жас сарбаздардың келуіне барлық жағдай жасалып, оқу пункті құрылды. Бір ай ішінде болашақ Ұландықтар жалпы әскери жарғы, мемлекеттік құқықтық дайындық және жауынгерлік дайындық сабағы бойынша білім алатын болады. Сондай-ақ, жас сарбаздар өздеріне қолданысқа берілетін әскери техникалармен, қару-жарақ және басқа да әскери құралдармен танысып, оларды дұрыс қолдану тәсілін үйренеді, – деді оқу пункті бастығының тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Нұртілек Ғалымжанов.

Әскери борыштарын өтеуге келген сарбаздар өздерінің бір жыл қызметтері барысында нағыз шыңдалған ер азамат болып шығатындарына сенімді.

– Отан алдындағы борышымды өтеуге Ақтау  қаласынан келдім. Бізді әскери бөлім ұжымы жылы қарсы алды. Алғашқы күннен бастап әскери өмір маған ұнап жатыр. Барлық қатарлас достарымды әскер қатарына шақырамын, – деді жас толым Жолдас Бегимов.

Жалпы Отанды қорғау патриоттық сезім отбасынан басталып, мектеп қабырғасында шыңдалып, әскер сапында толысатынын білеміз. Бабаларымыз осынау байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалды. Тарихты түгендер болсақ, жастарымызға үлгі боларлық батырларымыз жеткілікті.  Ұлттық ұлан әскер қатарына жаңадан қосылған жас сарбаздар ата – баба дәстүрін жалғастыра отырып, өздерінің отан алдындағы борыштарын обыроймен атқаратындығына сеніміміз мол.

Айта кетейік 5517-әскери бөліміне жаңадан келген сарбаздардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі  2023 жылдың шілде айында өткізу жоспарлануда.

Ертуған Әубакир, капитан

Алдыңғы пост
Жетісайлық әйел бұрынғы күйеуінің ақшасын ұрлап алған
Келесі пост
Қазақстандықтар нан өнімдерін аз тұтына бастады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu