396
Ақтөбеде балабақша жасындағы бүлдіршін жол апатынан көз жұмды. Оқиға кеше, 8 желтоқсан кешкі уақытта Самара – Шымкент автожолында болған. Toyota Camry 30 автокөлігінің жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Әйтекеби ауданының Қарабұтақ ауылы бағытында жүріп келе жатып рөлді басқара алмай, жыраға аударылған.
30 жастағы жүргізуші Әйтекеби ауданының ауруханасына жеткізілді. Ал 3 жасар бала алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
ІІМ дерегінше, сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.