Ақтөбеде жан түршігерлік жол апатынан 3 жасар бала көз жұмды

37

Ақтөбеде балабақша жасындағы бүлдіршін жол апатынан көз жұмды. Оқиға кеше, 8 желтоқсан кешкі уақытта Самара – Шымкент автожолында болған. Toyota Camry 30 автокөлігінің жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Әйтекеби ауданының Қарабұтақ ауылы бағытында жүріп келе жатып  рөлді басқара алмай, жыраға аударылған.

30 жастағы  жүргізуші Әйтекеби ауданының ауруханасына жеткізілді. Ал 3 жасар бала алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

ІІМ дерегінше, сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық кодекстің  345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Алдыңғы пост
Студеттер үшін әскери бөлімде «Ашық есік» күні өтті
Келесі пост
Бойжеткен жалған жарнама арқылы бірнеше тұрғынды сан соқтырып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu