449
Қызылордада кен орнындағы металл вагон ішінен мәйіті табылған екі күзетшінің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға кеше, 12 желтоқсанда болған. Төтеншеліктердің мәліметі бойынша, марқұм болған адамдар газдан уланған.
«Күзет кәсіпорнының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабымен (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.