Қызылордада екі күзетшінің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

304

Қызылордада кен орнындағы металл вагон ішінен мәйіті табылған екі күзетшінің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға кеше, 12 желтоқсанда болған. Төтеншеліктердің мәліметі бойынша, марқұм болған адамдар газдан уланған.

«Күзет кәсіпорнының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабымен (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде» делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Алдыңғы пост
Талдықорғанда ер адам өз көлігінде атылып өлді
Келесі пост
Жамбылда жас сарбаз бірнеше үйге кіріп, әйелдерді ұрып-соққан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu