Алматы облысында орман маңынан қару-жарақ салынған сөмке табылды

436

Полицейлер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы облысының орталығы Қонаев қаласындағы орман жолағынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады. Ведомство мәліметінше, Қытай сөмкесінің ішінен 12 мм винчестердің 2 данасы, 223 Rem «BENELLI» маркалы мылтық карабині, 16 мм екі ұңғылы кесілген аңшылық мылтық және бір ұңғылы кесілген мылтық табылды. Сонымен қатар, газ тапаншасы, «Ф-1» маркалы екі жауынгерлік граната, 440 дана 7,62 мм калибрлі және 18 дана 12 калибрлі патрондары бар темір қорап, сондай-ақ оқ өтпейтін жилет тәркіленді.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Дүкенде сыра ішіп жүрген астаналық сатушының телефонын үптеп кетті
Келесі пост
Сабақтан ерте қайтқысы келген оқушы мектепте «бомба» бар деп айтқан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu