496
Павлодарда ер адамдардың жанжалы бірінің пышақ жарақатын алуымен аяқталды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде ақпарат пайда болып, оқиға орнының видеосы тарады. ІІМ баспасөз қызметіндегілер оқиғаны растады. Бұл факт қаланың Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген.
Әлденеге келіспей қалған ер кісілер жанжалдасқан. 34 жастағы павлодарлық өзінің танысы Алматы облысының 35 жастағы тұрғынының аяғына пышақ тығып алған. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.