Жамбылда 13 қару мен 350-ге жуық патрон табылды

332

Жамбыл облысында жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде үш күн ішінде түрлі калибрлі 13 қару мен 345 патрон тәркіленді. Табылған қарулардың ішінде “АК-47” автоматы, Макаров тапаншасы, “ТОЗ” маркалы екі тегіс ұңғылы мылтық, “ИЖ”, “ТОЗ”, “Моссберг” маркалы 7 бір тегіс ұңғылы мылтық, газ-травматикалық, газ және травматикалық тапаншалар, сондай-ақ ПМ-ге арналған 3 оқжатар және 345 патрон бар.   

Атап айтқанда, Тараз қаласының шетінде бетон плитаның астынан зауыттық нөмірлері механикалық өшірiлген “АК-47” автоматы, 9 мм калибрлі патроны бар “Байкал” травматикалық тапаншасы, 7,62 мм калибрлі 20 патрон табылды. Ал Байзақ ауданындағы Талас өзені көпірінің астынан скотчпен оралған газет бумасы анықталды. Оның ішінде екі оқжатар және бес патроны бар 9 мм калибрлі Макаров тапаншасы болған. Сол күні Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылының шетінде орналасқан шаруа қожалығындағы 38 жастағы малшыдан 12 мм калибрлі “ИЖ-18” маркалы бір  тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді.

Полиция департаментінің мәліметінше, барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Алдыңғы пост
Түркістан облысындағы бақташы 11 млн теңгені малын сатып жіберген
Келесі пост
Жаңаөзенде 19 жасар әскери қызметші асылып өлді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu