Түркістанда күйеу баласы қайын атасының үйіне ұрлыққа түскен

316

Түркістан қаласында тұратын ер кісі қайын атасының үйіне ұрлыққа түсіп, ұсталып қалды. Оның ұрлық жайтының 4 дерегіне қатысы бары анықталған.

Полицейлерге әккі ұрының қайын атасы арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу үйінің алдындағы темір қақпасын қолды еткен. Арыз Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

«Жүргізілген шұғыл жұмыстардың нәтижесінде темір қабылдайтын орындардың бірінен ұрланған қақпа табылды. Одан соң қақпаны жымқырған күдіктінің жеке басы анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Анықталғандай, күдікті ер адам  жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты. Ол қайын атасының  ешкім тұрмайтын екінші үйіне ұрлыққа түскен» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Ұрлық фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Алдыңғы пост
Павлодарлық заңгер құжаттарды заңсыз жасады деген күдікке ілінді
Келесі пост
ШҚО-да тұрмыстық техникаға лық толы жүк көлігі өртеніп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu