Атырауда жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

396

Атырауда кісі өлімімен аяқталған жол апаты орын алды. Оқиға кеше, 19 желтоқсан сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесінде болған. 48 жастағы жаяу жүргінші ер адамды маркасы және мемлекеттік нөмірі белгісіз көлік қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Алған дене жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Polisia.kz  жазды.

Полицейлер күдікті көлікті іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы Стаханов көшесінде орналасқан гараждардың арасынан Mercedes Benz көлік құралын анықтады. Жүргізушісі 34 жастағы азаматтың көлікті алкогольдік мас күйде басқарғаны анықталды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен және 347-бабымен  қылмыстық іс тіркелді. Жедел тергеу тобы тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Алдыңғы пост
Талдықорғанда бұрынғы әйелін пышақтап тастаған тиран еркекке сот үкімі шықты
Келесі пост
Ақтөбеде қорап ішінен нәрестенің мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu