323
Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Оқиға кеше, 19 желтоқсан болған. Полицияға сағат 22:05-те Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарланған. Бұл туралы ІІМ Telegram-арнасы жазды.
Осы факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады. Қылмыстық кодекстің 100-бабы “Ананың жаңа туған баланы өлтіруі” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.