Павлодарда көпқабатты үй отқа оранды. Оқиға бүгін, 28 желтоқсан күні таңғы уақытта Ломов көшесі бойында болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 9 қабатты көппәтерлі үйдің 1-қабатындағы қоқыс жинайтын орнында шыққан. Оқиға салдарынан 22 жасар келіншек пен оның 2019 және 2022 жылы туған балалары газға уланып, ауруханаға жатқызылды. Олардан бөлек, жеңіл дәрежеде уланған 32 және 69 жастағы ер адамдар ауруханаға жатудан бас тартқан.
«Төтеншеліктер 4 баланы құтқарып, 18 адамды эвакуациялады. Өрт сағат 11:13-те сөндірілді. Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына департаменттің 21 қызметкері мен 6 техника, құтқарушылар тобы, жедел жәрдем мен медициналық қызметкерлер жұмылдырылды» делінген ведомство мәліметінде.