368
Астанада интернетте пәтерлерді жалға берілетіні туралы хабарландыру орнату арқылы алаяқтық жасағандар ұсталды. Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топтың жолын кескен. Топ мүшелері бұрын сотталғандар екені анықталды. Күдіктілерден заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қазіргі таңда полицейлер интернет алаяқтығы бойынша деректің мән-жайын анықтап жатыр. Ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.