Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы төмендеп жатыр

170

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қазіргі бағасына қатысты вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен кезекті кеңес өтті. Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері республикада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуі 0,2%-ға дейін баяулаған. Өткен аптада көрсеткіш 0,1% болды деп мәлімдеді.

Яғни, бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға, күнбағыс майы (-0,6%), қарақұмық жармасы (-0,4%), С1 санатындағы тауық жұмыртқасы (-1,4%) бағасы төмендепті.

Бұдан бөлек, «төмен бағалар» тобында сүзбе (-0,2%), тауық еті (-0,2%), майлылығы 2,5% айран (-0,4%), тұз (-0,1%) және 1-сұрыпты бидай ұны (-0,1%) бар.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан тұрақтандыру қорларындағы көкөніс қорларының көлемі жарияланды. Сондай-ақ, өңірлерге күзгі өнімді келесі маусымаралық кезеңге жеткізуге форвардтық шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.

Алдыңғы пост
Су тасқынынан зардап шеккен 9 мыңнан астам үй қайта жөнделеді
Келесі пост
Журналистер Президенттен көмек сұрайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu