Жол жөндеу жұмыстары да қарқынды жүзеге асып жатыр

898

Шымкент қаласының халқы 1 миллионға жетіп, шалғай ауылдары кө­бей­гендіктен инженерлік инфра­құрылым мәселесі басты назарда тұр.

Осыған орай, Шымкент қаласының әкімі Марат Әйтенов, жауапты мамандардың басын қосып, жиын өткізді. Мұнда  басты мәселенің бірі ретінде  жолды жөндеу жұмыстары талқыға түсті. Яғни, орталық көшелерді тиісті түрде ретке келтіру.  Жиын барысында жауапты басшылар,  қала аумағындағы жолдарды жөндеуге жұмсалатын қаржыны есептеп шықты. Нәтижесінде қала басшысы коммуналдық қызмет қызметкерлеріне бұл жұмыстарды пысықтауды тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін қала басшысы жауапты бөлімге жолдардың сапасын арттыру мақсатында тұрақты түрде арнайы мониторинг жүргізуді және туындаған мәселелерді шешуді тапсырған болатын.

Белгілі болғандай, талдау нәтижесінде сапасы сын көтермейді  деп танылған  50 көшенің 20-сы биыл жөнделетін болды.

Олардың арасында магистральдық жолдар мен ішкі көшелер бар. Ал, қалған жолдар алдағы уақытта кезең-кезеңімен жөнделетін болады.

Қала басшысы жауаптыларға ең алдымен пайдалануға берілетін жолдардың сапасын қатаң қадағалауды тапсырды.

«Жол құрылысында қоғамдық пікірді ескеру маңызды. Құрылысқа жұмылдырылған мердігер мекемелердің жұмысын, жауапкершілігін қатаң қадағалауға алыңыздар. Жол құрылысын жүргізетін компаниялар заманауи техникалар мен тың технологияларды пайдалану арқылы сапаны жақсартуы қажет» – деді қала әкімі.

Жыл соңына дейін жөндеуге жататын объектілер:

1. Д. Қонаев даңғылы

2. №1 автожол

3. Қазыбек би көшесі

4. Желтоксан көшесі

5. Назарбеков көшесі

6. Аймауытов көшесі

7.  Көшеров көшесі

8. Тыныбаев көшесі

9. Қабанбай батыр көшесі

10. Анаров көшесі

11.  Жансүгіров көшесі

12. Абай даңғылы

13. Исмайлов көшесі

14.  Алпысбаев көшесі

15. Еділбаев көшесі  (Ақжайық шағын ауданы)

16. Пазиков көшесі  (Шапагат шағын ауданы )

17.  Орынбаев көшесі

18.  Шанин көшесі

19.  Байтіленова көшесі

20.  Үркімбаев көшесі

Өткен жылы  үшінші мегаполисте 158 нысанда 287,8 шақырым жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне тапсырылған болатын. Нәтижесінде қазір қаладағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 67,4% пайызға жетті. Бұл көрсеткішті биыл 71,2% пайызға жеткізу жоспары тұр.

Ал, биыл Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен елімізде 353 млрд теңгеге маңызы бар 4 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жайлы ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеген болатын.

Алдыңғы пост
Құрметті желі пайдаланушылары!
Келесі пост
Шымкентте Мемлекеттік бағдарламалар бойынша қанша азамат жұмысқа орналасатыны белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu