Жетісай тұрғыны алтынға ұқсас бижутерияларды ломбардқа 4 млн теңгеге өткізген

Теги: , ,
235

Түркістан облысы Жетісай ауданында айласын асырған әйел ломбардты сазға отырғызып кеткен.

Жетісай аудандық полиция бөліміне ломбардтан арыз түскен. Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас әшекейлерді алдап өткізіп, жәбірленушіге 4 млн теңге шығын келтірген. Аталған факт ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеуге алынды. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды.

Белгілі болғандай, тұрақты тұтынушы болып күдікті әйел алғашқы уақытта алтынның өзін өткізіп, артынан әшекей алқаларды да қосып отырған. Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған. Осылайша жеңіл келген ақшаны бас пайдасына жаратқан.

Қазір күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост
Шымкент Қытайдың Сиань қаласымен бауырлас қала атанды
Келесі пост
Енді eGov неке қиылған күнді еске салып тұрады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu