Үшінші мегапоилистегі үйлер, 8 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады

440

Шымкенттік шенеуніктердің айтуынша, қаланың барлық жаңа ғимараттары 8 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады. Осылай деп кепілдік беріп отыр.  Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған үйлерде бар.

Шымкенттегі жаңадан бой көтерген үйлердің сапасы сын көтереді ме?-деген сұрақ көптің көкейінде жүргені баршамызға мәлім. Яғни, жер сілкінісіне төтеп бере алады ма? Бұл сұрақтар бойынша Шымкент құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов, ақпараттық коммуникациялық орталықта жауап берді.

Биыл Шымкентте Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 7 мыңнан астам пәтер жалға беріледі деп күтілуде.  Әкімдік тарапынан соңғы 3-4 жылда салынған жаңа ғимараттар тіпті 8 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алады деп кепілдік берілген.

“2018 жылдан бастап біз Шымкентте 7-8 баллдық жүйеге  төтеп бере алатын 400-ден астам үй салдық. Мысалы, “Шымкент сити” және “Тұран” шағын аудандарындағы үйлер осындай жер сілкінісіне төтеп бере алады”, — дейді Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы

Бұл ретте, өткен ғасырда салынған  көпқабатты үйлерге қатысты түрлі сұрақтар туындайтыны белгілі дейді басқарма басшысы. Мәселен,  Уәлиханов көшесіндегі № 231 үй өткен ғасырдың 50-жылдарында салынған. Ғимарат шөгіп, қабырғаларында сызаттар пайда болған.  Алайда, құрылысшылар мұндай тұрғын үйлерді жөндеуден бас тартады. Өйткені, олардың айтуынша, сызаттарды жабудың қажеті жоқ.

“Біз жөндеу жұмыстарын жүргізгіміз келген. Бірақ,  тұрғын үй басқармасы бас тартты. Өйткені, бұл мүмкін емес екен. Енді не істеу керек, Мен білмеймін. Өмір сүру өте қорқынышты. Ал егер үй құласа, біз не істейміз? Бізге кім көмектеседі?”-дейді  үй тұрғыны Ботагөз Қожаахметова.

Ал, құрылыс басқармасының басшысы,  мұндай үйлер апатты деп танылған жағдайда, және қандай да бір жөндеуді қажет ететін болса, арнайы комисия құрылады. Олар, бүге-шігесін тексеріп, бір шешімге келеді дейді.

“Уәлиханов көшесіндегі 231 ші тұрғын үй апатты деп танылған  ғимараттар тізіміне енгізілмеген. Көппәтерлі үйге  техникалық тексеру жоспарланған. Тиісті жұмыстар  жақын арада жүргізілетін болады”, – деп түсіндірді жауаптылар.

Айта кету керек, көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары өз үйлеріне сейсмикалық тұрақтылығын бақылау мақсатында  сараптама жасауға тапсырыс бере алады.  Бірақ шығынын өздері көтеруі қажет. Бірақ, мұнан соң, үйге қандай да бір, зақым келсе, қабырғалар бүлінген жағдайда,  кепілдік бермейді.

Алдыңғы пост
Шымкентте жақын арада тозығы жеткен үйлер қиратыла бастайды
Келесі пост
ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu