Атырау облысында жаңа екі елді мекен – Болашақ және Шипажай пайда болады

230

Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі елдімекен құрылады. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігіне сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды.

Жоспар бойынша жоба 468 жер учаскесіне арналып, кезекте тұрған жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысы үшін 1 гектардан жер беріледі. Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 468 жер учаскесіне 13,1 шақырымға ауылішілік жолдар, 41,4 шақырымға электр жарығы, 27,4 шақырымға ауыз су және 21,4 шақырымына газ құбыры тартылып, учаскелер толықтай дайын. Мердігер мекеме «Қарағанды жолдары» ЖШС болса, жоба құны 1 миллиард 550 миллион 645 мың теңге.

– Құрманғазы ауылы бойынша 2016 жылдан бері кезекте тұрған екі мыңға жуық жер сұраушы бар. Қазіргі кезде заң шеңберінде кезекпен тұрғындарға жер беріле бастады. Дәл бүгінге дейін 60 жер алуға арыз беруші тиісті жерін алып отыр. Келесі кезекте 120 тұрғынға беріледі деп күтілуде. Осылайша бұл жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады, деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат Нұғманов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Болашақ және Шипажай мөлтек ауылдары ауданның жаңа елді мекендері қатарына қосылады деп жоспарланып отыр.

Алдыңғы пост
Қазақстанда алғаш рет: Жаңаөзенде дәстүрлі садақ атудан I республикалық чемпионат өтті. Шымкенттіктер жеңіспен оралды
Келесі пост
Жолдау жүгін нәтижелі іс жеңілдетеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu