Шымкент қалалық мемлекеттік архиві жылына 6500-ге жуық құжатты сақтауға қабылдайды

545

Шымкент қалалық мемлекеттік архиві жылына 6500-ге жуық құжатты сақтауға қабылдайды. Қазіргі таңда мекеменің қорында 191 967 сақтау бірлігі (шамамен 32 млн парақ құжат) сақталуда. Оның 7752-і басқарушылық құжат, 183 883-і жеке құрам құжаты, 95-і жеке тектік құжат, фотоқұжаттар жән 34 бейнеқұжат бар.

Аталған құжаттар кезең-кезеңімен цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша бірінші кезекте тұрақты сақталатын және жиі сұранысқа ие болатын құжаттар цифрлы форматқа көшірілуде. Бұл мақсатта 4 дана планетарлық сканер орнатылған.

Биыл мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша 576 000 парақ құжат жоспарланып, жыл басынан бері архивтік құжаттардың 129 782 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілген.

Айта кетейік, Мекеме жыл басынан бері «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметіне қатысты 1702 сұранысты орындаған.

Сондай-ақ қалалық мемлкекеттік архивінің ғимараты толықтай жаңартудан өткен. Мұнда бұрын соңды болмаған көрме залы ашылыпты. Онда өңір құжаттарынан бөлек Ресей, Өзбекстан елдерінен алдыртқан маңызға құнды қағаздар сақталған.

Еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу. Қазақстан өз алдына осындай стратегиялық міндет қойып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында айтты. Мемлекет басшысы, сарапшылардың болжамы бойынша, он жылдан кейін әлемде өнімдер мен қызметтердің 70 % цифрлық платформалық модельдер негізінде құрылатынын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінде еліміз БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарында. Бүгінде Қазақстан – цифрлық құжаттарды толыққанды енгізген санаулы елдердің бірі. Сонымен қатар отбасының цифрлық картасы жобасы да жүзеге асырылуда. Қазақстанның одан әрі цифрлық трансформациясы мемлекеттік басқаруды цифрландырудың сапалы жаңа форматына – «Invisible Government» мүлде жаңа форматына көшуді, цифрлық экономиканы қолдау шараларын, IT-секторы үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Мысал ретінде «Astana Hub»-ты айтуға болады. Технопарк арнайы салық және виза режимінде жұмыс істейді. Қазірдің өзінде 900-ден астам компания оның резиденті атанып, қазақстандық және халықаралық нарықтарда табысты қызмет етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Халқының 40% жуығы ауылдық жерде тұратын біздің еліміз үшін барлық азаматты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шалғайдағы ауылдарды SpaceX және OneWeb төмен орбиталы спутник жүйесінің желісімен қамту жұмысын күшейтуі керек.

Алдыңғы пост
Шымкентте сейсмикалық аймақтар картасын әзірлеу жоспарлануда
Келесі пост
Құрметті қала тұрғындары және қала аумағындағы қайтарымсыз грант иелері!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu