301
Ақтөбе облысында қарапайым көлік жүргізушісі күтпеген жерген қомақты қаржыны тауып алды. Тимур Сүлейманов есімді ер азамат Астанадан келе жатып, Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылында орналасқан кафеге шай ішуге кірген. Содан үстел үстінен 1100 АҚШ доллары мен 465 мың теңге және құжаттары бар әмиянды тауып алған.
Жүргізушісі әмиянды дереу полицияға тапсырған.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ақша мен құжаттар Қырғыз Республикасының азаматы Бекар Хиязовқа тиесілі екені анықталған.
Қазалы қаласына жетіп қалған шетелдікке полицейлер жоғалған заттарын тапсырды.