Қазақстанға келген әрбір шетелдік турист 1500 доллар табыс әкеледі

Теги: , , ,
194

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, Қазақстанға алыс шетелден келген бір турист орта есеппен 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі. Осылайша әрбір шетелдік турист 2 жұмыс орнын ашуға себеп болады.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Нәтижесінде туристік қызметтен түскен салық мөлшері 389 миллиард теңгеге дейін жетіп, рекордтық нәтиже тіркелді. Оның ішінде еліміздегі орналастыру орындары 183 млрд теңге табыс тапты.

«Елімізде соңғы екі жылда туризм саласында жұмыс істейтіндердің саны айтарлықтай өсіп, 500 мыңға жуықтады. Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға дейін туризм саласында 800 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Алдыңғы пост
Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте көз жұмды
Келесі пост
Жас офицерлер кәсіби шеберліктерін шыңдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu