Шымкентте заманауи талапқа сай келетін екі емхана құрылысы жүргізілуде

338

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов “Shymkent” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы  мен №14 емдеу орталығының инвестициялық жобаларының  жүзеге асырылуын тексерді. Шаһар басшысы алдымен «Құрсай» шағынауданындағы емхана құрылысымен танысып, жұмыс барысын бақылады. Аталған нысан тәулігіне 450 келушіге арналған. Мұнда қазір бригадалар жер қазу жұмыстарын жүргізуде.  Заманауи талапқа сай жабдықталатын емханада жоспарға сәйкес цифрлық рентген, УДЗ аппараттары, аудиометр, ЛОР комбайн, электроэнцефалограф орнатылады. Медициналық мекемеде 150 адам жұмыспен қамтылады. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Ал «Ынтымақ-2» шағынауданында тәулігіне 350 келушіге арналған емхана бой көтеріп келеді. Мұрат Дүйсенбекұлы бұл нысанда да болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.  Жеті блоктан тұратын ғимаратта отбасылық денсаулық орталығы, стационарлық бөлімше, консультациялық-диагностикалық бөлімше қарастырылған. Соңғы үлгіде жабдықталатын емхана биыл қолданысқа беріледі.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, емдеу орталықтары аталған аумақтардағы емханалардың жүктемесін жеңілдетіп, жергілікті тұрғындарға медициналық қызметтерді қолжетімді етеді. Құрылыс барысын көрген қала әкімі жауаптыларға ғимараттардың талапқа сай жабдықталуын қадағалап, жұмыстарды сапалы әрі өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды.

Алдыңғы пост
Кафеге шай ішуге келген ер адам қомақты қаржысы бар әмиян тауып алды
Келесі пост
Шымкентте 613 миллиард теңге неге жұмсалады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu