449
Жол-көлік оқиғасы Жаңақұрылыс және Байшұбар көшелерінің қиылысында орын алған. «NISSAN TIIDA» маркалы автокөлік жедел жәрдем автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Оның салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі және екі жолаушысы әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Олар дәрігер тексеруінен өткен соң үйіне қайтарылған. Ал 1989 жылы туылған жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аурухананың жансақтау бөліміне түскен.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.