362
Ақтөбеде № 3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық Полиция департаментіне қарасты өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқықбұзушылық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Осы ретте ІІМ-дегілер полиция қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты сенім телефоны арқылы хабарлауға болатынын алға тартты (8/7132/52-16-91). Анонимділікке кепілдік беріледі.