Ірі көлемдегі ауыр препараттарды заңсыз өткізгендер ұсталды

126

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестірумен, шекарадан заңсыз препараттарды тасымалдағандар ұсталды.

Күдіктілер, алдын-ала сөз байласу арқылы, витаминдер түрімен жасырылылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттар бар анаболиктерді, стероидтерді өткізген. Олар, заңсыз заттарды АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткені анықталды.

«Жедел шара барысында препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжайы табылды. 206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Қазіргі таңда, күдіктілерге қатысты «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Алдыңғы пост
Ақтөбедегі тау-кен байыту комбинатында екі жұмысшы қаза тапты
Келесі пост
Ұлытау облысында 10 үй суға кетті: Кінәлі тұлға анықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu