363
Тапа-тал түсте көшенің қақ ортасында тырдай жалаңаш жүрген жас жігіт көпті шошытты. Оқиға кеше, 5 сәуір сағат 17:30 шамасында Павлодар қаласының Лермонтов көшесінде болған.
«Ыстығы тасып жүрген» ер адамды тәртіп сақшылары көп ұзамай ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ол 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Алайда жас жігіт неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндіре алмапты.
Осы факті бойынша ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік шара қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.