«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

325

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті тергеу изоляторында қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық соты хабарлады.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасы бойынша сот қаулысымен тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамау мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылдың 7 маусымына дейін ұзартуға санкция берілді», – делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, қаңтарда Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты қалалық полицейлер қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын. Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі құрамында «Дикий Арман» бар қылмыстық топқа жаппай тәртіпсіздік кезінде 24 адамды ұрлап, күштеп ұстаған деген айып тағылғанын айтты.

Алдыңғы пост
Түркістандық полицейлер қызғалдақ жұлғандарды анықтап жатыр
Келесі пост
Қандай педагогтер аттестациядан босатылатыны белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu