Ван Гогтың 84$ млн тұратын әйгілі “Күнбағыс” картинасына эко-белсенділер қызанақ сорпасын шашыратып төккен

252

Эко-белсенділер Лондонның Ұлттық галереясындағы Винсент Ван Гогтың “Күнбағыс” картинасына қызанақ сорпасына шашыратып жіберген. Сорпа алтын жалатылған жақтау мен әйнектің үстіне шашыраған, оның артында картина болған, оған зақым келмеген, деп хабарлайды Elitar.kz шетелдік БАҚ ақпараттары негізінде.

Өнер туындысына шабуыл жасағаннан кейін екі жас әйел қолдарын қабырғаға жабыстырған. Акция барысында олар әлеуметтік және экологиялық ұрандарды дауыстаған.

Галерея әкімшілігі жақтаудың шамалы зақымдануы бар екенін айтты, бірақ сурет тегіс-бүтін.

Акцияға екі белсенді қатысқаны: жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 11 шамасында олар галереяға кіріп, суретке екі банка Хайнц қызанақ сорпасын шашыратып жіберген.

Just Stop Oil Климаттық тобы дағдарыс жағдайында адамдардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуді және Ұлыбританияда Солтүстік теңізде мұнай мен газ өндіруге лицензия беруге қарсы.

Осы аптаның басында ұйым белсенділері Ұлыбритания парламенті мен Лондонның басқа да көрнекті жерлерінің айналасындағы жолдарды жауып тастады және ел билігінің әрекеттеріне наразылық акцияларын ұйымдастырған болатын.

Белсенділердің бірі: “өнер немесе өмір – қайсысы құнды? Өнер тамақтан гөрі қымбат па, ол әділеттіліктен қымбат па? Сізді не мазалайды: суретті қорғау немесе біздің планетамыз бен адамдарымызды қорғау ма? Өмір сүру құны мұнай бағасына байланысты. Жанармай миллиондаған жаурап, дірдектеп жүргендер мен аш отбасылар үшін қол жетімді емес. Олар сорпасы бар мұндай қаңылтырды жылытуға шамасы келмейді”, деп ашу-ызаларын білдірді.

Қыздар қамауға алынды. Оларға материалдық шығын келтіргені үшін айып тағылды.

Лондон галереясында орналасқан сурет – Ван Гог шедеврінің әлемнің бірнеше елдеріндегі мұражайларда қойылған бес нұсқасының бірі. Полотноның нарықтық құны 73 миллион фунт стерлингке бағаланады.

 

Алдыңғы пост
QR қош келдің. Қазақстандықтар жақында ЭЦҚ-мен мәңгілікке қоштасады
Келесі пост
Қоқысты не істейміз? Биыл әлемде 5 миллиардтан астам ұялы телефон полигонға лақтырылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu